Оның айтуынша, шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызметтерді жеткізу мақсатында көлік медицинасы дамыған. Медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп жатыр.
«Биыл еліміздің 10 өңірінде (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары) 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен екі «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жұмысы қайта жанданды. Медициналық авиацияны ауыл тұрғындарын тасымалдайтын және шұғыл көмек көрсететін 33 әуе кемесі (20 ұшақ және 13 тікұшақ) жүзеге асырады. Ауылда жедел медициналық көмек көрсету үшін 595 бригада жұмыс істейді, осы бағытта 1,5 млн шақыртуға қызмет көрсетілді», - деді министр.