К 30-летию Независимости Казахстана | 03 желтоқсан 09:18

Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі артты

Бұл өзгеріс елдегі әлеуметтік көрсеткіштер мәнінің ұлғаюымен байланысты.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі де өскенін хабарлады. 

"Әдістемеге сәйкес ТЖШ анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде қабылданатын көрсеткіштер пайдаланылады. 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ЕТЖ мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті.) 2022 жылға ТЖШ мөлшері де көбейтілді", – делінген БЖЗҚ хабарламасында.

2022 жылы жеткіліктілік шегі келесі мәндерге ие болады:

20 жас – 3 140 000 теңге 21 жас – 3 250 000 теңге 22 жас – 3 370 000 теңге 23 жас – 3 490 000 теңге 24 жас – 3 610 000 теңге 25 жас – 3 730 000 теңге 26 жас – 3 860 000 теңге 27 жас – 3 980 000 теңге 28 жас – 4 110 000 теңге 29 жас – 4 240 000 теңге 30 жас – 4 370 000 теңге 31 жас – 4 510 000 теңге 32 жас – 4 640 000 теңге 33 жас – 4 780 000 теңге 34 жас – 4 920 000 теңге 35 жас – 5 060 000 теңге 36 жас – 5 200 000 теңге 37 жас – 5 350 000  теңге 38 жас – 5 490 000 теңге 39 жас – 5 640 000 теңге 40 жас – 5 790 000 теңге 41 жас – 5 950 000 теңге 42 жас – 6 100 000  теңге 43 жас – 6 260 000 теңге 44 жас – 6 420 000 теңге 45 жас – 6 580 000 теңге 46 жас – 6 750 000 теңге 47 жас – 6 920 000 теңге 48 жас – 7 090 000 теңге 49 жас – 7 260 000 теңге 50 жас – 7 430 000 теңге 51 жас – 7 610 000 теңге 52 жас – 7 790 000 теңге 53 жас – 7 970 000 теңге 54 жас – 8 150 000 теңге 55 жас – 8 340 000 теңге 56 жас – 8 530 000 теңге 57 жас – 8 720 000 теңге 58 жас – 8 920 000 теңге 59 жас – 9 120 000 теңге 60 жас – 9 120 000  теңге 61 жас – 9 120 000  теңге 62 жас – 9 120 000 теңге