К 30-летию Независимости Казахстана | 18 шілде 11:05

Қазақстанда 2030 жылға дейін 180-нен астам теміржол станциясы жаңғыртылады

 ҚТЖ-да қолданыстағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру бағдарламасы іске асырылуда.

Жолаушылар мен жүк тасымалдарына қажеттіліктің өсу серпінін, транзиттік жүк ағынының ұлғаюын ескере отырып, темір жолдардың жаңа учаскелерін салумен қатар 180 астам теміржол станциясының өткізу және өңдеу қабілетін дамыту жоспарлануда.

Қосымша разъездер, қабылдау-жөнелту жолдары мен диспетчерлік қосымша жолдар салынады, қолданыстағы жолдар ұзартылады және бұрын бөлшектелген жолдар қалпына келтіріледі.

2024 жылдың басынан бастап жер учаскелерінің қосымша алаңдарын келісу және ресімдеу, жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттар алу, уәкілетті органдардың қорытындылары (сәулет – жоспарлау тапсырмалары, экологиялық сараптамалар, авиациялық рұқсаттар, су-бассейндік инспекциялар және т.б.) бойынша жұмыстар басталды.