К 30-летию Независимости Казахстана | 30 мая 10:51

Қазақстанда 3 мыңнан астам газ құбырлары ауыстырылды

Елімізде газ тасымалдау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда, бүгінде 3 мыңнан астам ақаулы құбыр ауыстырылды.

Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, тозған газ тасымалдау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстардың негізгі бағыты –«Орта Азия – Орталық» (ОАО) магистральдық газ құбырларын күрделі жөндеу.

Осыған орай, 2024 жылғы 8 қарашада «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қагам» ЖШС-мен «ОАО-4»,«ОАО-5» және «ЛОАО-4» газ құбырларын күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 336,7 млрд теңгені (ҚҚС-мен бірге) құрайтын келісімшарт жасасты. 2024 жылдың қараша айынан бастап ауқымды жөндеу жұмыстары басталды.

2024–2026 жылдар аралығында 10 мыңнан астам ақаулы құбырды ауыстыру және жөндеу арқылы жою жоспарланып отыр.