К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қараша 14:20

Қазақстанда алғаш рет аутизмі бар балалар велоспортпен айналыса бастады

Игі іс «Самұрық-Қазына» АҚ қолдау көрсеткен «Велоспорт - баршаға» жобасының арқасында іске асырылды.  

Астанада ерекше қажеттілігі бар 30 балаға велоспортпен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік туды. Оларға киім-кешек, құрал-жабдық, велосипедтер мен көліктер сатып алынып, «Сарыарқа» велотрегінде жаттығулар ұйымдастырылды.

Жоба аясында Қор басшылығы мен балалардың бірлескен жаттығуы өтті.

«Жаттығуды жақында ғана бастасаңыздар да, қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп жатырсыздар. Команданың бір бөлігі Астана құрамасына енгенін білемін. Ал тәлім алушылардың бірі Дастан Ордабай Францияда өткен беделді жарыста күміс жүлдегер атанғанын естіп қуандық», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Ол балаларға 30 велосипедке сертификат пен жаңа көліктің кілтін табыстады.