Министрдің мәліметінше, 2 ақпандағы жағдай бойынша дизель отынының жиынтық қалдықтары 315,4 мың тоннаны құрайды. 1 қазандағы жағдаймен салыстырғанда қалдықтар көлемі 113,8 мың тоннаға артқан. Мұнымен қатар, ол 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары 180 күнге мына деңгейде белгіленгенін айтты:
Аи-92 бензині – 182 теңге; Аи-93 бензині – 182 теңге; Аи-95 бензині – 215 теңге; Дизель отыны (жазғы, маусымаралық): Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 260 теңге: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында – 230 теңге."180 күннен кейін мұнай өнімдеріне баға белгілеу тетігіне келетін болсақ, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қосымша шаралар әзірлеп жатқанын атап өткім келеді. Олар кейінірек хабарланады. Болашақта жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін министрлік бірқатар шара әзірледі", – деді Болат Ақшолақов.
Олар:
Шымкент мұнай өңдеу зауытында өңдеу қуаттарын кеңейту; Мұнай өңдеу зауыттарында ұзартылған күрделі жөндеу мерзіміне көшу; республикада мұнай өнімдері қорларының резервтерін құру; Мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелту мерзімдерін үйлестіру; Мұнай базаларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жабдықтау.