Ал ұлттық электр торабын пайдалану бойынша қызметтер көлемі 37,6 млрд кВт сағ немесе тұтынудың 62,7% құрады.
Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну көлемінің ұлғаюымен техникалық диспетчерлеу және теңгерімдеуді ұйымдастыру көлемі тиісінше 55,7 және 108,3 млрд кВтсағатқа жетіп, 3,4% және 3,9%-ға өсті.
KEGOC Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің операторы болып табылады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді. Компанияның балансында 28 мыңға жуық электр беру желісі және 83 электр қосалқы станциясы бар.