К 30-летию Независимости Казахстана | 19 января 14:59

Қазақстанда газ-химия кластері қалай қалыптасады

Samruk Podcast-тың кезекті шығарылымының қонағы — «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы Диаз Диянов. «KMG PetroChem» негізгі жобалар портфелін, соның ішінде газды әрі қарай өңдеудің және жаңа өндірістер мен полипропилен өндіретін зауытты дамытудың негізі болатын газ бөлу кешені жобасын жүзеге асырып жатыр.

Басты назарда - кадр даярлау мәселесі, жас мамандарды оқыту, жоғары оқу орындарының түлектерін тағылымдамадан өткізу және жұмысқа орналастыру.

Шығарылымда:

• Қазақстандағы мұнай-газ химиясының перспективалары;

• негізгі жобалар мен жаңа өндірістерді дамыту;

• кадр даярлау әдістері және дуалды оқыту;

• өңірлік және жаһандық деңгейдегі бәсекелестік жайы талқыланды.

Қазақстандағы мұнай-газ химиясының жаңа серпіні жайлы Диаз Дияновпен өткен сұхбаттан көріңіз.