Жаңартылған вокзалдар еліміздің 10 өңірінде пайдалануға берілді. Олардың қатарында Талдықорған, Қонаев, Бурабай курорты, Риддер, Шемонаиха, Жаңақорған, Қазалы, Шиелі, Тайынша, Жаңаесіл, Саумалкөл, Ақкөл, Шортанды, Макинка және басқа да станциялар бар.
Сондай-ақ, Қарағанды-Сұрыптау станциясының нысандары мен Талап және Бозшакөл станцияларындағы нысандар жаңғыртылды. Жұмыстар барысында вокзалдардың қасбеттері, инженерлік желілері мен жолаушылар платформалары жаңартылды, заманауи күту залдары жабдықталды, кедергісіз орта қалыптастырылып, жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді.
Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр. Жобаларды «Қазақстан темір жолы» қаржыландырады.