К 30-летию Независимости Казахстана | 15 қаңтар 13:39

Қазақстанда жасалған: АМӨЗ Altay-45 қысқы дизель отынын өндірді

Атырау мұнай өңдеу зауытында Altay-45 қысқы дизель отынының алғашқы партиясы өндірілді. Оның шекті қату температурасы – минус 45˚С.Атырау мұнай өңдеу зауытында Altay-45 қысқы дизель отынының алғашқы партиясы өндірілді. Оның шекті қату температурасы – минус 45˚С.

Отын құрамында күкірттің аз мөлшерде болуы және қоспалардың қосылмауы оның температуралық қасиеттерін арттырып отыр. Бұл жағынан өнім арктикалық дизель отынының сапасымен сәйкес келеді. Айта кету керек, Атырау МӨЗ Қазақстандағы рекордты төмен температурада қатуы бойынша отын түрін шығарған алғашқы кәсіпорын.

Дизель отынының алғашқы партиясы ішкі нарықты жабуға арналған аз көлемде шығарылады. Ал кейін Altay-45 дизель отынын өндіру көлему арттырылмақ.

Еске салайық, 2019 жылы «АМӨЗ» ЖШС сол уақыттағы ең төмен температуралық Khazar-38 дизель отынын өндірген болатын. Осылайша, Altay-45 отыны өндірісін іске қосу арқылы зауыт суыққа төзімді дизель отыны түрін арттырып отыр.

Жоғары сапалы дизель отындарын өндіруге Атырау мұнай өңдеу зауытын 3 кезеңдік жаңғырту жұмыстарынан кейін қол жеткізілді.