«Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын», – делінген құжатта.
Ведомствоның функцияларына мыналар кірді:
жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; жасанды интеллект технологияларын дамыту саласында нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеу және іске асыру; жасанды интеллект саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту; жасанды интеллектті дамыту бөлігінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келісу.Бұл ретте «Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.