К 30-летию Независимости Казахстана | 02 шілде 09:17

Қазақстанда гидроаккумуляциялық электр станция салу мәселесі талқыланды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов СССС басқарма төрағасының орынбасары Сун Личанмен және CWE Директорлар кеңесінің төрағасы Цзян Шоугомен кездесті.

Тараптар гидроаккумуляциялық электр станциясын салу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Нұрлан Жақыпов қазіргі уақытта Қазақстанда гидроаккумуляциялық электр станцияларының жоқ екендігін атап өтті. Бірақ экономика мен қоғамның дамуы қарқын алған кезеңде энергияны сақтау жүйелерін құру және ең жоғары жүктеме кезінде электр қуатының жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналып келеді.

 

Осы ретте тараптар әріптестіктің кезекті кезеңіне өту үшін Астанада өтетін Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің алаңында ГАЭС-ты салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақ.

China International Water & Electric (CWE) – Қытайдың халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы, СССС еншілес компаниясы. ГАЭС – электр жүктемесінің тәуліктегі біркелкі емес кестесін теңестіру үшін қолданылатын гидроэлектростанция.