20 қараша күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.
Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, сайлаушылардың учаскелерге келуі 69,43%-ды құрады. Сағат 22:05-тегі жағдай бойынша барлығы 8 млн 299 мың 501 адам конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беріп үлгерді.
Кешкілік Еxit poll нәтижелері белгілі болды:
Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45%. Қарақат Әбден - 2,54%. Нұрлан Әуесбаев - 2,17%. Жигули Дайрабаев - 3,33%. Мейрам Қажыкен - 2,23% . Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%.Сондай-ақ сайлаушылардың 5,2%-ы «барлығына қарсымын» бағанын таңдады.
Сайлауда ең белсенділік танытқан Батыс Қазақстан облысы (98,97%) болса, ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында (28,72%) тіркелді.