«Президенттің іссапарының барысында Боао Азия форумының шеңберінде энергетика саласы бойынша State Power Investment Corporation (SPIC) және Sany Group Co. Ltd компанияларымен бірнеше кездесу өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясы салынып жатыр. 500 мегават Жамбыл облысында, қалған 500 мегават Екібастұз қаласында екенін айта кеткен жөн. Sany Group Co. Ltd бұл жобаға тиісті құрал-жабдықтарды жібереді. Ал, China Power International Holding бұл жобаны жүзеге асырады», - деді Нұрлан Жақыпов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр. Қазақстан Президенті аталған форумда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі.