Меморандумға халықаралық логистикалық платформаны дамыту және тауарларды жеткізудің қауіпсіз тізбегін бірлесіп пайдалану мақсатында қол қойылды. Бұл келісім Қазақстан арқылы Қытайдан ЕО елдеріне көлік ағындары бойынша электрондық сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді және Еуразиялық кеңістіктегі трансшекаралық саудаға қолдау көрсетуге бағытталған.
Арнайы кедендік жеңілдіктерді пайдалану кезінде, тауарларды кедендік декларациялауға кететін уақыт пен қаржылық шығындар барынша азайтылып, логистикалық тізбек оңтайландырылады, тауардың бір жерде тұрып қалу уақыты қысқарады.