«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында «Астана Опера» қызметкерлері ұзақ уақытқа созылатын қажырлы еңбектен кейін денсаулықтарын қалпына келтіре алады.
«Бұл – балет әртістерінің, оркестр мүшелерінің, Орталық Азиядағы ең ірі театр қызметкерлерінің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау үшін маңызды қадам. Орталықта кәсіби көмек қолжетімді болып, маңызды мәселе шешіледі», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов орталықтың ашылу рәсімінде.
Жыл сайын профилактика және оңалту бағдарламасы бойынша 600 адамға, атап айтқанда, балет әртістері, оркестр мүшелері және «Астана Опера» театрының өндірістік цех қызметкерлеріне қызмет көрсетіледі.