«Еліміздің мұнай өңдеу өнеркәсібінің негізгі міндеті – экономиканың өсуін және ішкі нарықтың жоғары сапалы жанар-жағармай материалдарына қажеттілігін қамтамасыз ету. Бұл міндетті 3 негізгі отандық мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) орындайды. Атырау, Павлодар және Шымкент өңдеу зауыттары және Ақтау битум зауытында мұнай өңдеудің жалпы көлемі жылына 18 млн тоннаға дейін», – делінген министрліктің жауабында.
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласын дамытудың 2024-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында мұнай өңдеу қуаттарын кеңейту жобалары көзделге.
Бұл тұрғыда:
Шымкент МӨЗ жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін; Павлодар МХЗ жылына 5,5 млн-нан 8 млн тоннаға дейін; Атырау МӨЗ жылына 5,5 млн-нан 6,7 млн тоннаға дейін; Ақтау битум зауыты жылына 1 млн-нан 1,5 млн тоннаға дейін мұнай және тиісінше битум өндіру жылына 500-ден 750 мың тоннаға дейін.«Сондай-ақ 2030 жылға қарай қуаты жылына кемінде 10 млн тонна мұнай өндіретін жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде шешім қабылдау қажет», – деп аталып өткен ведомство ақпаратында.