"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 5 санаттағы әлеуметтік осал топқа несие жеңілдігі жасалды. Бұл бірреттік акция. Дегенмен, науқан ресми нормативтік-құқықтық құжаттар тұрғысында 5 қыркүйек аяқталғанымен, көптеген азаматтар бізге хабарласуда. Сондықтан (құжат) қабылдауды әлі аяқтаған жоқпыз", - деді Үкіметтегі баспасөз мәслихатында министр.
Бұл тұста туысқандық қатынастарды айғақтайтын құжаттардың болмауы кедергі келтірген. Осылайша екі ай бойы жұмыс жүріп, 1 қарашаға дейін қосымша несие жеңілігіне иек арта алатын 57 мың адамның мән-жайы анықталған. Егер құжат мәселесі толық шешімін тапса, жылдың соңына дейін тиісті тізім аясында несиесі мемлекет тарапынан өтеліп берілмек.
Бұған дейін жазғанымыздай, Министр айтқан 5 санатқа есейіп кетпеген 4 баласы бар көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар және жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар енді.