К 30-летию Независимости Казахстана | 10 қараша 08:52

Қазақстанда ревакцинация 22 қарашада басталады

Жыл соңына дейін халықтың науқастану тәуекелі жоғары осал тобы екпе алады. Ал жаппай қайта екпе салу 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастау алады.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакцинация қашан басталатынын хабарлады.

«Президент тапсырмасымен ел халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, ревакцинация 22 қарашада басталады. Иммундай процесі 2 кезеңмен өтеді», – деді Денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цойдың айтуынша, 22 қарашадан жыл соңына дейін екпені халықтың науқастану тәуекелі жоғары осал тобы алады. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері.

Бірінші кезеңде (2021 жылдың IV ширегі, 2022 жылдың I-II ширегі) 1 миллион адамға қайта екпе салу жоспарланса, екінші кезеңде (2022 жылдың I-II ширегі) 6,2 миллион адам ревакциналанады.