«Ашық НҚА» порталында Қазақстан халқы Ассамблеясын 2026 жылға дейін дамыту концепциясының жаңа жобасы жарияланды.
Бұл құжатқа сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамды құрайды.
Елдегі түрлі ұлт өкілдерінің пайыздық үлесі келесідей:
қазақтар (69,03 %); орыстар (18,47 %); өзбектер (3,29 %); ұйғырлар (1,5 %); украиндар (1,3 %); татарлар (1,06 %); немістер (0,92 %); түріктер (0,61 %); кәрістер (0,57 %); әзербайжандар (0,61 %); дүнгендер (0,40 %); белорустар (0,28 %); тәжіктер (0,27 %); күрдтер (0,25 %); шешендер (0,18 %); поляктар (0,15 %); башқұрттар (0,09 %); басқа этнос өкілдері (1,04 %).«Жалпы халық саны жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Айталық, соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ға өсті» делінген құжатта.