Атап айтқанда, Астанада тұрғын үй бағасы 5,1%-ға, Шымкентте 2,7%-ға және Ақтауда 1,6%-ға төмендеді.
Желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады. Алайда жаңа тұрғын үйді сату бағасы керісінше 0,4%-ға өсті.
Жалпы алғанда, бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 15,6%-ға өсті.
2022 жылғы желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға өскен.
Өңірлерде бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жылда Ақтөбеде 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады.