KEGOC 2040 жылға дейін 8 ірі ауқымды инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл іс-шаралар ҰЭТ сенімді жұмысын қамтамасыз ету, энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілетін арттыруға бағытталады.
Атап айтқанда, бұл Батыс аймағының электр желісін күшейту және Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру, электр желілері мен қосалқы станциялар салу, өңірлік электр тораптарын күшейту және Ұлттық электр торабын жаңғырту жұмыстары жоспарлануда.
"Жоғарыдағы жобаларды іске асыру ұлттық экономика қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және болашақта 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге, сондай-ақ еліміздің энергетикалық жүйесінің транзиттік және экспорттық әлеуетін дамытуға үлкен мүмкіндіктер туғызады", – деп атап өтті Нәби Айтжанов.