«Қалған теміржол вокзалдарына қаржы да бөлінбеген, жағдайлары да төмен. Әр вокзалдың тауып жатқан қаражаты өзін қамтамасыз етуге жетпей отыр. 50-60 пайызын ғана қамти алады», - деді министр.
Сондай-ақ ол теміржол вокзалдарын жөндеу жұмыстарына қаражат республикалық бюджеттен алынатынын айтты.
«Қазір вокзалдарды жаңалау бойынша әкімдіктер жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Қаражатын жылдың соңында бюджеттен қарастырамыз. Өйткені Қазақстан теміржолының ақшасы вагондар мен локомотивтер алуға жұмсалып жатыр. Ғимараттарды жөндеуге қаржыны республикалық бюджеттен қарастырсақ, ауласын жаңалауға әкімдіктің бюджеті жұмсалмақ», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, Қазақстандағы теміржолдар вагондары ескірген, оларға – 18 жыл. Сондықтан былтыр жолаушыларды тасымалдауға арналған 118 жаңа вагон сатып алынды. Биыл тағы 119 вагон сатып алынады, ал келесі жылы келесі жылы 168 жаңа теміржол вагоны жеткізіледі.