К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қараша 17:48

Қазақстандық астық өндірушілер жаңа өткізу нарықтарын игеруде

Биылғы 10 айда ҚТЖ желісі бойынша көптеген астық жүктері бойынша экспорттың өсуі және тасымалдаудың жаңа бағыттарының игерілуі байқалады.

Мысалы, жүгері дәнінің экспорты 1,5 есе өсіп, 117 мың тоннаны құрады. Тәжікстанға тасымалдау 38%, Өзбекстанға тасымалдау 3 еседен астамға өсті. Биыл Иранға жүгері дәнін тасымалдау басталды. Жасымық экспорты 7 есе, 80 мың тоннаға дейін артты. Экспорт үлесінің басым бөлігі  Ресей Федерациясының порттары арқылы Еуропа елдеріне тиесілі.

Бұршақ дәнің тасымалдаудың үш есе артуы байқалады. ҚР-дан  Ауғанстанға импорт 2 есеге, Өзбекстанға 3 есеге ұлғайды.  

Күріш өндірушілер Әзірбайжан мен Беларусьтің жаңа нарықтарын игере отырып, экспортты +47% (52 мың тонна) арттырды.

Қазақстандық арпаны соңғы екі айда 8 есе өсумен Иран қайтадан импорттай бастады. 10 айда арпаны экспорттық тасымалдау 710 мың тоннаны құрады (69% өсіммен).  

ҚТЖ барлық бағыттар бойынша астық жүктерінің экспортын ұлғайту жөнінде қажетті шаралар қабылдауда. Вагон және локомотив паркі қажетті мөлшерде бар, трейдерлермен және қатысушы мемлекеттік органдарымен тығыз жұмыс жүргізілуде.