Бұл жыл сайын Еуропалық Одақ елдерін шикізатпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін саяси және бизнес топ өкілдерінің басын қосатын дәстүрлі шара. Қазақстандық делегацияны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, ұлттық тау-кен компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры, басқарма төрағасының міндетін атқарушы Рүстем Мақұлбеков басқарды.
Қазақстан делегациясы Еуропалық комиссия мен Еуропарламент өкілдерімен «жасыл» және цифрлық технологияларға көшу үшін шикізат жеткізу саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді.
Атап айтқанда, ЕК-ның ішкі нарық, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бас директоры Керстин Джорнамен мазмұнды әңгіме болды, сонымен қатар кездесуде тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутектің құн тізбегі саласында өзара түсіністік және стратегиялық серіктестік туралы меморандум талқыланды.