К 30-летию Независимости Казахстана | 10 октября 09:39

Қазақстандық кәсіподақ ұйымдары 10 қазанда өздерінің мерекелерін атап өтуде

Жұмысшылардың мүддесін қорғайтын, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында болған дау-дамайлардың оң шешілуіне ықпал ететін, ұжымдық шартта еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуы жөнінде талап қоятын да-кәсіподақ ұйымдары.

Сондықтан олардың атқарып жатқан жұмыстары маңызды. Олар жұмысшылардың басын біріктіріп түрлі мерекелік, спорттық, қайырымдылық шаралардың ұйымдастыруға атсалысып, соның басы-қасында жүреді. Кәсіподақ ұйымдары басшылық пен еңбек ұжымы арасындағы байланыс көпірі. Жұмысшыларды бірлікке шақырып, олардың жұмысы қауіпсіз болсын деп тер төгіп жүрген еңбектеріңіз нәтижелі болсын.