«Энергетикадағы инновациялық шешімдер» XXIII Дүниежүзілік мұнай конгресі 2021 жылғы 5-9 желтоқсан аралығында (АҚШ-тың) Хьюстон қаласында өтуде. Конгресс аясында ҚР Энергетика министрлігі Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Ұлттық комитетімен бірлесіп, 7 желтоқсанда қазақстандық министрлік сессиясын өткізді.
«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Димаш Досанов XXIII Дүниежүзілік мұнай конгресінің жұмысына KAZENERGY Қауымдастығының басшылығы басқаратын Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Қазақстан Ұлттық комитетінің өкілі ретінде қатысты. Қазақстандық министрлік сессиясында ол Қазақстан Республикасы мұнай тасымалы транзиттік әлеуетінің дамуы туралы айтып берді.
XXIII Дүниежүзілік мұнай конгресі шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Димаш Досановтың ТШО бас директоры Кевин Лионмен, Chevron төрағасы және бас атқарушы директоры Майк Виртпен, Chevron вице-президенті Имер Боннермен кездесулер өтті. Тараптар тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады.