2018 жылдың басынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша 860 км астам теміржол күрделі жөндеу көрген. Желілерді жаңғырту үшін Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өнімдері кеңінен пайдалануда екен. Қазақстандық өндірушілер теміржолшыларға 100 мың тоннадан астам рельс табыстаған.
«Жоғарғы техникалық және пайдалану сипаттарымен ерекшеленетін АРАЗ ұзын өлшемді рельс өнімдерін төсеу түйіспесіз магистральдық телімдер қашықтығын арттырады. Осылайша пойыз қозғалысының жылдамдығы қамтамасыз етіледі. Жылжымалы құрам күтіміне жұмсалатын және жолдың өзіндік шығыны кемиді. Жолаушылар үшін жол жүру уақыты қысқарады», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жол және құрылыс департаментінің бас менеджері Саят Бәкіров.