«Аталған жоспарға сәйкес көмірді тұтыну көлемі 9,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық мекемелер үшін 2,6 млн тонна және тұрғындар үшін 7 млн тонна. Көмір өндіруші кәсіпорындардың деректері бойынша, биылғы 6 айда энергия өндіруші кәсіпорындарға 30 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 4 млн тонна және коммуналдық-тұрмыстық ұйымдар мен халықтың қолдануына 3,7 млн тонна көмір жөнелтілді», – делінген министрліктің ҚазАқпарат сауалына берген жауабында.
Аталған ведомствоның хабарлауынша, алдағы жылыту маусымына халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша дайындық наурыз айында басталды. Коммуналдық-тұрмыстық ұйымдар мен тұрғындардың қажеттілігі үшін «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Майкубен-Вест» ЖШС және «Қаражыра» АҚ көмір өндіретін мекемелері бар.