К 30-летию Независимости Казахстана | 22 ақпан 10:00

Қазақстанға ұшып келу тәртібі қандай?

FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі Қазақстанға ұшып келудің жаңа тәртібін хабарлады.

2022 жылдың 19 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасында алған вакцинация төлқұжаты (6 айдан аспайтын мерзімге) бар қазақстандықтар ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтамасыз Қазақстанға ұшып келе алады

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасына келген 24 мемлекет туристтердің вакцинация төлқұжаттары/сертификаттары/анықтамалары (2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 53 Жарлыққа сәйкес) жарамды деп танылады.

Вакцинация төлқұжаты болмаған жағдайда, қазақстандықтар ПТР тестінің теріс нәтижесі (материал алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде жарамды) бар анықтаманы (оның ішінде 5 жастан асқан балалар, ҚР тұруға рұқсаты бар азаматтар, резидент еместер) ұсынуы тиіс.

Вакцинация төлқұжаты немесе ПТР сынамасының теріс нәтижелі анықтамасы жоқ жолаушылар рейске жіберілмейді.