К 30-летию Независимости Казахстана | 05 ноября 20:01

Қазақстаннан – Мексикаға: ҚТЖ халықаралық тасымалдау географиясын кеңейтуде

KTZ Express (ҚТЖ еншілес компаниясы) клиенттерге жаңа логистикалық шешімдер ұсына отырып, халықаралық тасымалдау географиясын кеңейтуде.

Компания ұйымдастырған кезекті контейнерлік жөнелту Алматыдан Мексика шығанағы жағалауындағы маңызды теңіз тораптарының бірі Веракрус портына жол тартты. Полимерлік бұйымдар партиясын тасымалдау Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) инфрақұрылымын пайдалана отырып ұйымдастырылған. KTZ Express Каспий теңізі арқылы тасымалдауды қоса алғанда, Алматыдан Грузияның Поти портына жүк тасымалдауды ұйымдастыруды қамтамасыз етті. Мексиканың Веракрус порты бағытында одан әрі тасымалдауды Maersk кеме қатынасы компаниясы жүзеге асырады. Осылайша, логистикалық тізбек Транскаспий бағдары мен KTZ Express серіктестерінің халықаралық теңіз көлік желісі мүмкіндіктерін біріктіреді. Экспорттық жеткізілімдерді дамыту дәстүрлі өткізу нарықтарынан тыс қазақстандық тауарларға деген қызығушылықты көрсетеді. ТХКБ  инфрақұрылымын пайдаланудың арқасында қазақстандық жүк жөнелтушілер АҚШ-қа, Ұлыбританияға және Еуропалық одақ елдеріне жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Мексикаға жөнелту Латын Америкасына бағыттарды қамтитын компанияның халықаралық тасымалдау географиясын толықтырады.