К 30-летию Независимости Казахстана | 01 ақпан 15:06

Қазақстаннан Әзірбайжанға қазіргі заманғы локомотивтер жеткізілуде

Әзірбайжан темір жолдары үшін шығарылған кезекті қазақстандық электровоз Астана қаласының жанындағы Қырқыншы станциядан жөнелтілді.

Электровоз теміржол арқылы Құрық портына апаратын станцияға дейін шамамен 2,5 мың км жол жүріп өткен. Содан соң «Меркурий» паромдық кемесімен Каспий теңізі арқылы Алят портына жеткізілген.

AZ8А сериялы жүк локомотиві Әзірбайжан темір жолдарына бейімделген қазақстандық KZ8А электровозының баламасы болып саналады. Локомотив Астанадағы Электровоз құрастыру зауытында құрастырылды.