К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қаңтар 16:30

Қазақстаннан Қытайға тағы бір теміржол ашылады

Қазақстан мен Қытай (ҚХР) арасында үшінші өткізу пункті, сондай-ақ екі мемлекеттің шекарасында жаңа құрғақ порт салу жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айтып берді,  деп хабарлайды Rail-news.kz LS-ге сілтеме жасап.

Министрлiктiң мәліметінше, өткізу пунктінiң ашылуы ұзындығы 270 км болатын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісін салу шеңберінде жоспарлануда. 2023 жылдың маусымына дейін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленiп, ал құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланды.

Осы жоба есебінен "Достық" және "Алтынкөл" шекара маңындағы теміржол станциялары босап, екі елдің өткізу қабілеті 20 млн тоннаға артады деп күтілуде.

ИИДМ-де ҚХР-мен шекарада құрғақ порт пен логистикалық парктің қашан құрылатыны туралы айтылды. Бұған дейін аталған тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.

Министрлiктiң мәліметінше, бұл жоба өткізу пункті құрылғаннан, Бақты – Аягөз желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін және "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" автожолының реконструкциясы аяқталғаннан кейін іске асырылатын болады. Министрлікте бұл құрғақ порттың Қазақстанның негізгі көлік дәліздерімен байланысын қамтамасыз ететінін түсіндірді.