К 30-летию Независимости Казахстана | 29 қыркүйек 11:38

Қазақстанның басты теңіз айлағына – 60 жыл

60 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтау теңіз сауда порты 5 жылдан кейін қайтадан халықаралық мәртебеге ие болды. Мемлекет басшысы теңіз флотын нығайтып, контейнерлік хаб құруды тапсырған болатын. Бұл теңіз тасымалын белсенді дамытуға мүмкіндік береді. Қазір Ақтау портын дамыту аясында контейнерлік хабты құру жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.

«АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев Ақтау портының командасы кез келген міндеттерді одан әрі тиімді дамыту және іске асыру үшін барлық қажетті құзыреттер мен құралдарға ие екенін атап өтті.

Ақтау портының тарихы 1963 жылы уран өнеркәсібі мен Маңғышлақ мұнай кен орындарының өнімдерін тасымалдау қажеттілігі туындаған кезден басталады. Порттың құрылуы негізгі және қосалқы толқын тосқылары мен  бір уақытта төрт құрғақ жүк айлағын салудан басталды. 1969-1986 жылдары төрт мұнай құю айлағы мен паром кешені құрылды.

 

Биыл Қазақстан Ақтау портын белсенді пайдалануда. Қазір теңіз айлағында өңделетін негізгі жүктер мұнай, астық және контейнерлер болып табылады. 2023 жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 3 003 мың тоннаны құрады.