К 30-летию Независимости Казахстана | 08 қараша 16:15

Қазақстанның болашақ теңізшілеріне арналған жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясымен бірлесіп, білім беру бағдарламасын іске қосты.

Бұл бағдарламада «кеме жүргізу» және «кеме механикасы» мамандықтары бойынша Қазақстан сауда флотына білікті мамандарды даярлау үшін төрт жылдық оқу қарастырылған.

Қазақтеңізкөлікфлотының гранты оқу ақысын, ай сайынғы стипендияны, жатақханада тұру шығынын өтеп, болашақта компанияның кемелеріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясы – елімізде халықаралық деңгейде кәсіби теңізшілерді дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны.

Оқуға өтініш беру 7 қарашада басталды және 2025 жылдың 18 мамырына дейін жалғасады. Мектеп бітіруші үміткерлер тест тапсырады, әңгімелесуден өтеді және мотивациялық хат жазады.

Оқу ағылшын тілінде, сондықтан ағылшын тілін білу – міндетті шарт. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер теңізшінің кәсіби дипломын алады.