2021 жылы модификациядан өткеннен кейін оның жүк көтеру қуаты 453 тоннадан 680 тоннаға дейін артты. Нәтижесінде ауқымды жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қондырғы 6 мың метрге дейінгі тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылай алады.
Шетелдегі жобаларда «Satti» платформасының табысты пайдалануы Қазақстанның жоғары сапалы қызмет көрсетіп, әлемдік деңгейде күрделі мұнай-газ жұмыстарын орындау қабілетін растап отыр.
Алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға байланысты Ашхабад қаласында «KMG Drilling and Services» компаниясының («Satti» қондырғысын иелік ететін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорны) филиалы ашылды, бұл Түрікменстандағы қызметтерді жедел әрі тиімді атқаруға мүмкіндік береді. KMG DS филиалының ашылу салтанатына ҚМГ басшысы Асхат Хасенов қатысты.
Бұл іс-шара еліміздің халықаралық мұнай сервисі қызметі нарығына қатысуын кеңейте отырып, Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсуде.
Биыл тамыз айында KMG DS және Dragon Oil Turkmenistan Limited Каспий теңізінің түркімен секторында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге келісімшарт қабылдаған болатын.