К 30-летию Независимости Казахстана | 05 февраля 15:02

«Қазақтелеком» – Qyzmet Futsal Super Cup маусымының жеңімпазы

«Қазақтелеком» АҚ командасының Qyzmet Super Cup 2026 және Qazaqstan Qyzmet Futsal Super Cup 2025–2026 маусымындағы жеңісі - бұл жай ғана спорттағы жетістік емес. Бұл - айлар бойы тоқтаусыз дайындық, тәртіп, өзара қолдау мен бір мақсатқа жұмылған командалық жұмыстың нәтижесі. Команда кәсіби ортада ғана емес, жоғары жылдамдық, төзімділік пен мінез шешуші рөл атқаратын алаңда да көшбасшы бола алатынын дәлелдеді. Турнир қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» командасының ойыншысы үздік ойыншы атануы - осы бірліктің айқын көрсеткіші.

Жеңіс жайында пікір білдірген «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин өз парақшасында:

«Мен сіздерді шын жүректен мақтан тұтамын. Ойыншыларға, бапкерлік құрамға және осы жолда бірге болған барша жанға алғысымды білдіремін», — деп жазды.

Алда жаңа белестер мен жаңа мақсаттар тұр. Бұл жеңіс - команданың әлеуеті мен рухының жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті.