К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қараша 14:58

«Қазақтелеком» 15 қалада Speedtest-серверлерін орнатты

Интернетке кірудің нақты көрсеткіштерін анықтау үшін «Қазақтелеком» Ookla компаниясының Speedtest сервисіне арналған қосымша серверлер орнатты. Олар желіге 10Gbps интерфейстері арқылы қосылған.

Бұрын абоненттер Speedtest сервисін қолданғанда кейде басқа операторлардың желісіне де жүгінетін, ал енді қолданушылар интернеттің жылдамдығын әділ бағалай алады.

Қазіргі кезде 10-гигабиттік серверлер 15 қалада: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Шымкент, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында орнатылған.

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында сервис 1Gbps интерфейсі арқылы қосылған. Жақын арада серверлерді орнату жоспарлануда.

Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірмановтың айтуынша, желінің өткізу қабілетін өлшейтін сервис енді өздігінен «Қазақтелекомның» жақын маңдағы Speedtest-серверін таңдайды.

«Енді компаниямыздың абоненттері өз өңіріндегі интернеттің жылдамдығын әділ бағалай алады. Бұл Қазақстандағы интернет жөніндегі статистиканы жақсартады», – дейді Нұрлан Мейірманов.