К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қаңтар 15:10

Қазақтелеком 600-ге жуық жаңа баспана иелерін GPON желісіне қосты

Желтоқсан айының соңында пайдалануға берілген жаңа SAT city тұрғын үй кешенінің бірнеше блоктарының тұрғындары 2023 жылы «Қазақтелекомның» абоненттері атанды. Жаңа жылдың алғашқы күндеріндегі 1500 пәтердің ішінен жаңа қоныстанушылардың үштен бірінен астамы компания салған ең заманауи GPON технологиясы желісінің арқасында жоғары жылдамдықты интернетке және басқа да цифрлық қызметтер мен мүмкіндіктерге қол жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда салынған SAT City тұрғын үй кешенінің 10 ғимаратының 8-і оптикалық желіге қосылған. Телеком-оператор бұл кешендегі GPON үйішілік желілерін салуға өткен жылдың көктемінде кіріскен болатын.Құрылыс аяқталып, жекелеген блоктар пайдалануға берілген уақыттан бастап, «Қазақтелеком» мамандары жаңа абоненттерді интернетке қосуға кірісті. Осылайша, бүгінде 2500-ге жуық пәтердің тұрғындары ең заманауи технология бойынша телекоммуникациялық қызметтер мен сервистерді пайдаланады. Олардың қатарында Әсел Ысқақова да бар, ол заманына сай қадам басып келе жатқан көптеген әйелдер сияқты бала тәрбиесімен жұмысын да қатар алып жүр.

«Мен қашықтан есепші болып жұмыс істеймін, сондықтан маған жылдам және тұрақты интернет ауадай қажет, оның көмегімен мен тек хат алмасып қана қоймай, электронды мәліметтер базасына жедел қол жеткізе аламын. Мұндай қажеттілікті «Қазақтелеком» ұсынған интернет қызметі толықтай қанағаттандырады», – деді Sat City ТК тұрғыны Әсел Ысқақова.

GPON немесе Gigabit Passive Optical Network – бұл магистральдық желіден әр абоненттің пәтеріне жеке кабель салуды көздейтін талшықты-оптикалық желінің бір түрі. Мұндай жеке желіні құру клиентке бір уақытта жоғары жылдамдықты Интернет, цифрлық теледидар және IP-телефония қызметтерін бір сымнан алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте сервистер пакетін бейнебақылау, телеметрия және күзет-дабыл сигнализациясы жүйелерімен толықтыруға болады. Бірақ бұл арнайы арналарға бөлінудегі ең бастысы, Интернет жылдамдығы таңдалған деректер жоспарына байланысты 200-ден 500 Мбит/с-қа дейін өзгереді және, тіпті, ең жоғары жүктеме сағаттарында да тұрақты болып қала береді.

«Қазір әр үйде Интернеттің болуы электр және сумен жабдықтау сияқты қажеттілік болып табылады. Сондықтан "Қазақтелеком" үшін ғаламдық желіге қолжетімділікті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар жоғары жылдамдықты қосылуды қамтамасыз ету де маңызды. Көбінесе бір пәтерде бірнеше гаджетті қолданатын адамдар бірге тұратындықтан және олардың интернетті белсенді пайдалану уақыты, әдетте, бірдей болатындықтан, техникалық жағдай жасалған жерде компания оптикалық желілерді салуға тырысады. Бұл, тіпті, ең жоғары жүктеме кезінде де желінің максималды, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп, атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионның Сату арналарын басқару департаментінің директоры Марат Сандыбаев.

Кең жолақты желілерді дамытумен қатар, ең ірі телекоммуникация операторы барлық көппәтерлі үйлердекөрсетілетін қызметтердің сапасы Sat city ТК-де секілді жоғары болуы үшін мыс желілерін оптикалық желілерге ауыстыра отырып, өзінің қолданыстағы желілік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартып келеді.

Айта кетейік, 2022 жылы «Қазақтелеком» елорданың 105 жаңа ғимаратында GPON желілерін салуды аяқтап, 22 мыңнан астам пәтердің тұрғындары барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен сервистерге жоғары сапада және кедергісіз қол жеткізді. Жалпы, Gigabit Рassive Optical Network технологиясы бойынша бүгінде кең жолақты интернетті 133 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары пайдалануда.