«Қазақтелеком» АҚ қалалық инфрақұрылымда қауіпсіздікті арттырып, халыққа жайлы жағдай жасауға бағытталған «Ақылды аялдамалар» инновациялық жобасын іске асыруға кірісті.
Ақылды аялдамалар:
бейнесараптама элементтері бар бейнебақылау жүйелерімен (бетті тану, кластерлерді, агрессивті мінез-құлықты және ұмыт қалған заттарды бақылау); дереу дабыл қағу қоңырау түймесі; ақылды электронды құлыптар; көлік кестесін және басқа да пайдалы ақпаратты көрсетуге арналған ақпараттық LED-табломен жабдықталған.Жоба полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктірілген заманауи АКТ-технологияларды қолдана отырып іске асырылуда. Астанада өткен сынақ жобасы жоғары тиімділік көрсетті.
Пилоттық іске қосу аясында Астана қаласы, Нұра ауданында зияткерлік бейнебақылау жүйесімен жабдықталған аялдамалар салынды. Нақты уақыттағы сараптамасы бар камералар полиция департаментінің бақылау орталығына қосылды, бұл құқық қорғау органдарына тез арада әрекет етуге мүмкіндік берді.
Сынақ жобаның нәтижелері бойынша:
іздеуде жүрген 3 адам анықталып, ұсталды; бейне аналитика жүйесі анықтаған оқиғаларға дер кезінде жауап берудің арқасында бірнеше оқиғалар тіркелді.Жобаның мақсаты: Технология тұрғындардың игілігі үшін жұмыс істейтін қауіпсіз және цифрлық қалалық ортаны құру: ашықтықты қамтамасыз ету, әрекет ету уақытын қысқарту және қоғамдық тәртіптің жалпы деңгейін арттыру. «Қазақтелеком» АҚ әкімдіктер және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жобаны кеңейтуді жалғастырады.