Апта сайын клиенттердің үйіне барып модемнің қалай жұмыс істейтінін тексердім. Барлық жерде байқағаным – ескірген қондырғылар, бұл «ежелгі» роутерлер қажетті деңгейде интернетке жылдамдық та, сапа да бере алмайды.
Нәтижесінде елімізде ескірген құрылғыдан сапалы өнім мен қызмет ала алмай отырған үйлердің көп екеніне көз жеткіздік.
Бұл мәселені қалай шешуге болады?
Біз өз клиенттерімізге ескі маршрутизаторлардың орнына секундына 500 мегабитті оңай таратуға қабілетті жаңа маршрутизаторлар орнатып беретін болып шештік. Бұл ауқымды жобаны - «Сапа+» деп атадық. Оның мәні мынада: Қазақтелеком 300 мың ескі маршрутизаторды жаңасына ауыстырады. Жыл соңына дейін! Бастан-аяқ компания есебінен!
Оған қоса, бұл процесті қазірдің өзінде бастап кеттік. Өткен сенбіде Астанада үй-үйді аралап, клиенттеріміздің жабдығын ауыстырдым. Компанияның барлық топ-менеджерлері клиенттерге өздері барып жатыр. Себебі сервистік компания үшін клиенттермен адал қарым-қатынастан қымбат ештеңе жоқ, әрі кеңседе отырған барлық әріптестерім қызмет көрсетудің бүкіл процесін түсінуі керек.
Маршрутизаторды ауыстырған кезде айырмашылықты бірден байқайсыз: оған дейін пәтердегі WiFi интернетінің жылдамдығы секундына 50 мегабит болса, жаңа маршрутизатормен 500 Мегабитке дейін өседі. Айырмашылық өте қатты білінеді. Көңілдеріңізден шығатыны сөзсіз.
Бұл ауқымды, өте маңызды шара.
Алдағы үш-төрт айда Қазақтелеком үшін негізгі мақсат болмақ. Жабдықтарды жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Еліміздің барлық аймағында, үлкен-кіші қалалардағы әрбір клиенттің үйіне келеміз.
Айта кетерлік маңызды жәйт. Wi-Fi маршрутизаторын ауыстыру тегін, жаңа жабдықты орнатқаннан кейін абоненттік төлем өзгеріссіз қалады.
Жаңа маршрутизаторлар бұрынғыдан әлдеқайда мықты, әрі қуатты төрт ядролы процессоры бар.
Құрылғылар 5 ГГц жиілікте 2402 Мбит/с дейін және 2,4 ГГц жиілікте 574 Мбит/с дейін жылдамдық береді.
Олар Wi-Fi және кабель арқылы компьютер, ноутбук пен заманауи гаджеттер үшін сенімді қосылымды қамтамасыз етеді. Маршрутизаторда қандай да бір кедергі, ақау болған жағдайда, байланыс сапасын сақтау үшін желіні бақылау мен оңтайландырудың ақылды мүмкіндіктері бар.
Қандай да бір сұрағыңыз болса немесе кеңес қажет болса 165 нөмірі арқылы байланыс орталығына, немесе біздің telecom.kz қосымшасына хабарласыңыз.
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин