Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, тілсіз жау меншік иесінің кінәсінен 2 қабатты ағаш ғимаратта болған. От құшағына оранған ғимараттың бірінші қабатындағы «Қазақтелеком» жабдығының да сау тамтығы қалмады.
«Байланысты жедел қалпына келтіру және желі жұмысын тұрақтандыру үшін арнайы жабдық – Астанадан Teledata МАҚЖ және Көкшетаудан коммутатор жеткізілді. Жедел бригадалар құрылып, өрт салдарын жою және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 35 техникалық маман жұмылдырылды», – дейді «Желі» дивизионы бірлестігінің Қатынау желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымханов.
«Қазақтелеком» бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарын жалғастыруда, ауыл тұрғындарының көп бөлігінде телефония және интернет қызметтері қайта қалпына келтірілді.
Өрттен зардап шеккен желілерді қайта қалпына келтіру барысында телеком-оператор жабдықтармен қоса, желілерді де жаңғырту жобасын жүзеге асырды және көшеде орналасатын мультисервистік абоненттік қосылудың жаңа жабдығын орналастырды, осылайша, ескірген МС240 TDM типті АТС жабдығын пайдаланудан және болашақта оған үй-жайды жалға алудан бас тартты.
Байланыстарды қалпына келтіру бойынша мұндай жұмысты Компания бұған дейін оңтүстік өңірде жүргізген болатын, онда бірнеше күн ішінде «Қазақтелеком» Жамбыл облысының Сарысу және Талас аудандарының 1100-ден астам абоненті үшін байланысты қалпына келтірді. Содан кейін дауылдың салдарынан электр энергиясы жаппай сөніп, электр беру және байланыс желілері үзілген Жаңатас, Қаратау қалаларында және оларға іргелес елді мекендерде ұялы операторлардың тоқтап қалған жұмысын қалпына келтірген болатын.