К 30-летию Независимости Казахстана | 13 сәуір 16:25

«Қазақтелеком» Астанада жыл басынан бері 15 тұрғын үй кешенін оптикаға қосты

Еліміздің жетекші телеком-операторы елордада талшықты-оптикалық байланыс желілері құрылысының көлемін арттыруда. Мамыр айының соңына қарай компания мамандары 16 мың жаңа абонентті жүйрік интернетке қосуды жоспарлап отыр. Бұл клиенттер GPON технологиясы бойынша, яғни сапаны жоғалтпай үлкен көлемдегі деректерді алыс қашықтыққа жіберуге қабілетті оптикалық желілер арқылы ғаламдық желіге қосылатын болады. 2022 жылы «Қазақтелеком» осы технология арқылы бүкіл Қазақстан бойынша 150 мың жаңа абонент үшін заманауи цифрлық мүмкіндіктер ашатын желілер салды.

2023 жылдың соңына дейін компания елордалық жаңа ғимараттардың 31 мың тұрғынын тарату жылдамдығы 500 Мбит/с дейінгі үйдегі интернет, IR-телефония, цифрлық теледидар және ұялы байланыс сияқты заманауи телекоммуникациялық қызметтер кешенімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Осы түрдегі қосылымдарда қолданылатын GPON технологиясы сенімді қосылымды қамтамасыз етумен қатар, ADSL технологиясымен салыстырғанда көбірек пайдаланушыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Осы себепті, бүгінгі таңда компания техникалық мүмкіндігі бар аймақта оптикалық желілерді салуға баса назар аударады. Атап айтқанда, елімізде жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің барлығы дерлік GPON технологиясына қол жеткізе алады.

«Ағымдағы жылдың басынан бастап елордада 22 көпқабатты үйді қамтитын 15 тұрғын үй кешенінде талшықты-оптикалық желілер тартылды. Бұл 9 мыңнан астам пәтер иелерінің бүгінгі таңда ең озық технология ұсынатын қызметтерге қол жеткізгенін білдіреді, - дейді "Қазақтелеком" АҚ бөлшек бизнес дивизионының В2С сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірова. - Жаңа ғимараттарда оптикалық желілерді төсеу бойынша монтаждау жұмыстарын біздің мамандар құрылыс жұмыстарымен қатар жүргізеді. Бұл жаңа абоненттерді қысқа мерзімде қосуға мүмкіндік береді".

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында пайдалануға берілген «Grand Champion» елордалық тұрғын үй кешенінің тұрғындары «Қазақтелеком» ұсынған қызметті таңдап, бүгінде сынап көрді. Тұрғын үйде 1008 пәтер бар, бүгінде тұрғын үйдің жалпы санының 40% жуығы қоныстанып үлгерген. Жаңа пәтер иелерінің бірі Меруерт Үсембаева бірнеше жылдан бері компанияның қызметтерін пайдаланып келеді екен.

«Қазақтелеком қызметін біраздан бері пайдаланамыз, бұрынғы мекен-жайымызда осы компания ұсынған коммуникациялық қызметтерді пайдаландық. Мұнда да қосылуды ұзақ күтудің қажеті жоқ екеніне біліп қуанып қалдық. Жаңа пәтерде тұрудың алғашқы күнінен бастап бізде бұрынғыдай жылдам интернет пен сандық теледидарға қол жетімділік бар. Сонымен қатар, желі ішінде шексіз байланысы бар екі сим-карта қоса берілді. Өте ыңғайлы және қолжетімді", - деп атап өтті «Grand Champion» ТК тұрғыны Меруерт Үсембаева.

Талшықты-оптикалық желілердің электромагниттік кедергілер сияқты сыртқы әсерлерге төзімділігі және температура мен ылғалдылықтың өзгеруі әсер етпеуі бұл технологияның артықшылығын арттыра түседі, осы үшін желінің қамту аймағын кеңейтуге және желілерге көбірек жаңа нысандарды қосуға мүмкіндік береді. Осылайша, ағымдағы жылдың соңына дейін «Қазақтелеком» оптикалық байланыс желілерін салуды және Қазақстан бойынша 120 мың жаңа абонентті цифрлық қызметтер мен сервистермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.