«Мечта» тұрғын үй кешенінде қазірдің өзінде 60-тан астам пәтер жаңа технологияға қосылып үлгерген, өтініштер әлі де белсенді түрде түсуде. Алғашқылардың бірі болып GPON-ның барлық артықшылықтарын «Мечта» тұрғыны Данияр Нұркенов бағалады. Бұл Даниярдың алғашқы өз баспанасы, ол интернет провайдерді таңдауда сенімді компанияға басымдық беріп, Қазақтелекомның желісіне қосылды.
«Мен банкте жұмыс істеймін, әдетте жұмыстың ауқымына байланысты кеш келемін. Бұл менің сүйікті ісім футбол матчтарын уақытында тамашалауға кедергі келтіреді. Осы тұрғыдан алғанда, әлем чемпионаты кезінде «Қазақтелеком» маған көп көмектесті. Менің тарифтік жоспарымда жоғары жылдамдықты интернеттен бөлек қосылған ТВ+ қызметінің арқасында, кез келген бағдарламаны, матчты өзіме ыңғайлы уақытта жоғары сапада тамашалауға мүмкіндік алдым», – дейді Данияр Нұркенов.
GPON – әрбір жеке абоненттің пәтеріне магистральдық желіден пәтерге дейін бөлек кабель тартуды қарастыратын талшықты-оптикалық желінің бір түрі. Жеке желінің мұндай құрылысы клиентке жоғары жылдамдықты интернетті, сандық теледидарды және IP-телефония қызметтерін бір желі арқылы бір уақытта алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, интернет жылдамдығы таңдалған тарифтік жоспарға байланысты 200-ден 500 Мбит/с-қа дейін жылдамдықты қамтиды және жүктеме артқан уақытта да тұрақты болып қалады.
«GPON желісін пайдалану абоненттерімізге желілік жүктемеге қарамастан үздіксіз және кедергісіз жоғары сапалы интернетке қосылуға кепілдік береді. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері осы технологияны пайдалана отырып, «Қазақтелеком» қызметтерін елордадағы 105 түрлі көпқабатты үйдегі 22 мыңнан астам пәтердің тұрғындары алған. Жалпы осындай қызмет қалада 133 мыңнан астам абонентке көрсетілуде. Біз бұл технологияны техникалық мүмкіндігі бар барлық жаңадан салынған кешендерде қолданамыз», – деді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионы Орталық аймағының B2C сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірова.
Айта кету керек, қызметтерді жаппай цифрландыру, контенттің өсуі мен алуан түрлілігі күн сайын адамдардың сенімді, жоғары жылдамдықты интернетке деген сұранысын арттыруда және GPON технологиясы осы талаптарға толық сай келеді және қазіргі уақытта «Мечта» тұрғын үй кешенінің тұрғындарының қажеттілігін өтеуге сақадай сай.
Жалпы, кең жолақты интернетке қол жетімділікті дамыту жобасына сәйкес, «Қазақтелеком» ағымдағы жылы елорданың жаңа тұрғын үй кешендерінде ұқсас телекоммуникация желілерінің құрылысын жалғастыруды, жаңадан келгендерді жоғары жылдамдықты интернетпен, сапалы байланыспен және басқа да заманауи қызметтермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.