1200-дей тұрғыны бар ауыл Орал қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан, 2019 жылы ауылдық елді мекендерді талшықты оптикалық байланыс желісіне қосу жобасы аясында мұнда жүйрік интернет желісі тартылды. Сол кезде құрылған желілік инфрақұрылым ауыл тұрғындарының үйлеріне сигнал тарататын Wi-Fi радиокөпірлерін орналастыруды қоса алғанда, басқа жобаларды жүзеге асыруға негіз болды. Бұл толығымен сымсыз қосылым, бұл «оптика» қол жетімсіз жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.
«Қазақтелеком бір жылдан астам уақыт бойы қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жою жобасы аясында жұмыстар атқарып келед. Интернетке қол жеткізу үшін олар ең бірінші «радиокөпір» орналастырған болатын. Бұл технология ауылдар үшін шектеусіз трафик пен сапалы жылдамдыққа кепілдік береді», – деді «Қазақтелеком» АҚ ББД Батыс аймағының B2C сегментінің коммерциялық директоры Мұрат Амантай.
Байланыс операторының мамандары ауыл тұрғындарының 50-ге жуық өтінішін қабылдады, ал Аққұловтар отбасы болса, «Қазақтелекомның» телекоммуникация қызметіне алғашқылардың бірі болып қосылғандардың бірі. Дүйсенғали аға – зейнеткер, жуырда ғана ұлының кеңесімен компьютерді меңгере бастаған ол, бүгінде қалада тұратын немерелерімен күн сайын бейнеқоңырау арқылы сөйлесетінін айтты.
«Алғабас тұрғындары ауылды интернетке қосу мәселесін жиі көтеретін. Қазіргі таңда сапалы интернеттің пайда болуымен көптеген мәселелерді онлайн шешуге мүмкіндік туАйта кету керек, «Қазақтелеком» үшінші тоқсанда Батыс Қазақстан облысының тағы 7 ауылында – Қарамыс, Қоскөл, Егіндікөл, Бисен, Жұбан Молдағалиев атындағы ауыл, Январцево және Ақоба ауылдарында базалық станцияларды орнатып, іске қосуды жоспарлап отырет өте қажет. Балалармен, туған-туыстармен бейнебайланыс арқылы кез келген уақытта хабарласып, жаңалықтарды тамашалай аламыз», – дейді Алғабас ауылының тұрғыны Дүйсенғали Аққұлов.
Дүйсенғали ағаның жұбайы Ақлима апа ауылда интернет пайда болғалы тұрғындар жалпы WhatsApp чатын құрып, бір-біріне тауар сатуға, сондай-ақ қажет нәрсенің бәрін сатып алуға болатынын қуана жеткізді.
«Енді біз тұрғындармен ортақ мәселелерді онлайн түрде шеше аламыз. Мен 69 жастамын, телефон мен интернетті меңгеруге немерем көмектесті. Туыстарыма оңай хабарласып, фото және видео жібере аламын. Жақында күйеуім 70 жасқа толады, мессенджерлер арқылы шақыру билеттерін жіберуді жоспарлап отырмыз», – деп өз әсерімен бөлісті Ақлима Аққұловa.
Айта кету керек, «Қазақтелеком» үшінші тоқсанда Батыс Қазақстан облысының тағы 7 ауылында – Қарамыс, Қоскөл, Егіндікөл, Бисен, Жұбан Молдағалиев атындағы ауыл, Январцево және Ақоба ауылдарында базалық станцияларды орнатып, іске қосуды жоспарлап отыр.
Еске салайық, ауылдарда сымсыз желіні енгізу «Қазақтелеком» 2018-2020 жылдары республиканың ауылдық жерлерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жобасын жүзеге асырғаннан кейін мүмкін болды. Одан кейін еліміздің 828 ауылына 14,5 мың шақырымнан астам «оптика» тартылып, онда 2,5 мыңнан астам мемлекеттік және бюджеттік мекеме кең жолақты интернетке қосылды.
Дереккөз: «Қазақтелеком» АҚ Коммуникация департаменті