К 30-летию Независимости Казахстана | 19 шілде 09:58

«Қазақтелеком» биылғы жарты жылдағы қызметін қорытындылады

Нұр-Сұлтанда «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары бойынша жиын филиалдар, еншілес және үлестес ұйымдар басшыларының қатысуымен өтті. «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев өз сөзінде ірі байланыс операторы қызметінің өзекті мәселелеріне және дамудың жаңа кезеңіне өткен бүкіл Қазақстанның мүддесі үшін компаниядағы цифрлық трансформациялау процесін жеделдету қажеттігіне тоқталды. Жиынға қатысушылардың алдына барлық шешімдерді қабылдау процесінің айқындығын, қаржылық тәртіпті сақтау және қоғам мен еңбек ұжымы алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін жауапкершілікті одан әрі арттыру міндеттері қойылды.

Шілде айының басындағы жағдай бойынша елімізде жоспарланған 103 үйдің ішінен 32 үйге FWA базалық станциясы салынды, жыл соңына дейін шамамен 82 мың жеке үйді осындай желілермен қамту жоспарлануда, ал келесі жылы FWA желілерінің құрылысы Қазақстанның тағы 15 облыс орталықтарында басталады. «Қазақтелекомның» Kcell және Tele2 еншілес компаниялары 250 және одан жоғары халқы бар ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтуға бағытталған 250+ жобасын жүзеге асыруда – қазіргі уақытта бағдарламаға енгізілген 139 ауылдың 104-інде жоба межесіне жетті.

Бұл ретте еліміздің ірі телеком-операторы ағымдағы жылдың мамыр айында «Ауылдағы цифрлық серіктес» бағдарламасын іске қосты. Жоба мақсаты – жоғары жылдамдықты интернетпен ауылдарды қамту үшін шағын және орта бизнес өкілдерін тарту, яғни іскерлер Wi-Fi технологиясы бойынша радиомост желілерін салып, кең жолақты интернетке қосылған елді мекендердің санын арттырады. Кәсіпкерлер өтінімдерді электронды түрде береді, қажетті жабдықтарды өздері сатып алады және монтаждайды, «Қазақтелеком» магистраліне қосылады – және өз табысын ауылдықтардың абоненттік төлемінен табады.

«Біздің ойымызша, кәсіпкерлер магистралімізге қосылып, тек тіркелген құн бойынша интернетке төлеп, содан кейін осы арнаға абоненттердің кез келген көлемін қосып, қосымша пайда алатын бұл жоба ШОБ секторын дамытуға айтарлықтай көмектеседі, – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев. – «Қазақтелеком» қазірдің өзінде республиканың бес өңіріндегі 36 ауылда осындай желілер салатын 6 кәсіпкермен әріптестік келісімдер жасасты, тағы 60 ауылда желілер салуға қатысты шарттар қазір біздің кәсіпкерлік ортадағы серіктестеріміздің қарауында жатыр».

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» ағымдағы жылы қызмет сапасын арттыруға басымдық берді, өтініш берілгеннен кейін 24 сағаттан аз уақыт ішінде қосылған қалаларда жаңа абоненттердің үлесі қаңтардағы 24%-дан маусым айында 56%-ға дейін өсті. Компанияның кері байланыс арналары біртіндеп «бір терезеге» айналып келеді, бұл кезде клиент өзінің барлық проблемаларын бір қоңыраумен немесе «Қазақтелекомның» онлайн-құралдары арқылы бір өтініштің көмегімен шеше алады. Компания талшықты-оптикалық желілердің ұзындығын ұлғайта отырып, қалалық желіні жаңғыртуды жалғастыруда, сонымен бірге ұлттық байланыс операторы қала көшелерінде, мектептерде, ауруханаларда және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бейнебақылау қызметін ұйымдастыру бойынша көптеген телекоммуникациялық жобаларды іске асыруда.

«Компания қаңтар айындағы оқиғалардан кейін жеке тұлғалар, сондай-ақ шағын және орта бизнес абоненттеріне қаңтарда көрсетілген қызметтер бойынша жеңілдіктер берген кезде айтарлықтай әлеуметтік жүктемені өз мойнына алған болатын. Қаңтарда интернеттің ажыратылуына байланысты, бірқатар қызметтер үшін абоненттік төлем бойынша 50% жеңілдік берді, осы кезеңде мерзімі өткен төлемдер үшін өсімпұл жойылды, 1000 минуттан дауыстық байланысқа лимитсіз қалааралық қоңыраулар енгізілді, – деп еске салды «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова. – Ұлттық байланыс операторы 2022 жылғы қаңтарда өзінің толық алынбаған табысын қаржылық шығын ретінде емес, сын сағатта көрсетілген Қазақстан халқына қажетті көмек ретінде қарайды. «Қазақтелеком» қаржылық тұрақтылықты сақтайды және біз 2022 жыл компания үшін табысты болатынына сенімдіміз», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, ағымдағы жылды «Қазақтелеком» өз қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жылы деп жариялады. Осы саясат аясында Ұжымдық шарттың жаңа нұсқасы әзірленіп қабылданды, ол жұмысшылардың жалақысын көбейтуді, түрлі төлемдер мен қолдау шараларын – сауықтыруға арналған еңбек демалысына материалдық көмек, Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы, мерзімінен бұрын зейнетке шығуға арналған біржолғы жәрдемақы, баланың туылуына байланысты төлемдер және қызметкер қиын өмірлік жағдайға тап болған жағдайларда ақшалай көмек қарастылған. Компания дәстүрлі түрде өз қызметкерлеріне жеңілдікті шарттармен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер береді, өткен жылы «Қазақтелеком» 600-ден астам жұмыскерге шұғыл қажеттіліктерге жалпы сомасы 1 млрд теңгеге қысқа мерзімді пайызсыз қарыздар берді. Сондай-ақ, 2021 жылы банк арқылы жеңілдікті шарттармен ипотекалық кредит беру бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама бойынша 97 қызметкерге жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге жеңілдетілген ипотекалық қарыз берілді. 2022 жылы қызметкерлерге арналған мұндай көмектердің көлемі артады.

«Қазір компанияда қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бойынша түрлі бағдарламалар жұмыс істейді – бұл көп балалы отбасыларға және ерекше балалары бар отбасыларға көмек көрсету, қызметкерлердің балалары үшін сауықтыру лагерлері мен санаторийлеріне тегін жолдамалар беру, қызметкерлердің балаларының операциялары үшін қаражатты ішінара өтеу, дәрілік заттарды сатып алуға материалдық көмек көрсету және тағы басқалар. Сондай-ақ, «Қазақтелекомда» тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе жылжымайтын мүлік сатып алуға пайызсыз қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нысаналы несиелер көзделген», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Персонал жөніндегі бас директоры Берік Битабаров.

Бұдан басқа, компанияда қызметкерлердің балаларының IT-дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға барынша көмек көрсету туралы шешім қабылданды: биыл Алматы мен Нұр-Сұлтанда компания қызметкерлерінің 12 жастан 15 жасқа дейінгі, негізінен еліміздің өңірлерінен келетін 500-ден астам баланы қамтитын жазғы IT-лагерь іске қосылды. Осылайша, компания болашақ қызметкерлерді мектеп қабырғасынан дайындай бастайды, рекрутингтің келесі сатысы жоғары оқу орындары студенттерінің PROTELECOM тағылымдама бағдарламасы болып табылады, кейіннен «Қазақтелекомда» жұмысқа орналасады.