К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қыркүйек 08:20

«Қазақтелеком» еңбек қауіпсіздігіне қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті

«Қазақтелеком» жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жаңа деңгейге көтерді. Қауіпсіздік шараларын күшейтуді көздеген компания барлық басшыларды осы іске жұдырықтай жұмылдыру үшін арнайы мәмілені бекітті. Әрбір қызметкер мен басшы нөлдік жарақаттануға қол жеткізу жөніндегі бағдарламаның маңыздылығын түсінуі міндетті және әрбір қызметкер жұмыс күнінің соңында үйіне аман-есен оралуы тиіс деп есептейді, жиын қатысушылары.

«Қазақтелеком» 2022 жылғы маусымда «Самұрық-Қазына» қоры тобының 13 ірі компаниясының бірі болып, Health & Safety-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жеке міндеттемелерді мойнына алатын құжатқа қол қойған болатын.

«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, осы құжат аясында ол және оның әріптестері қауіпсіздік құндылықтарына адалдығын көрсетуге, өздері басқаратын компанияларда еңбекті қорғау саласындағы озық практикаларды енгізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың қызметкерлері үшін қауіпсіз жұмыс жағдайын жасауға жеке үлгі болуға міндеттенді. Осы жұмыс аясында еліміздің ірі телеком-операторы өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша бірінші кеңес өткізді. Мұндай шаралар дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін болады.

«Еңбек қауіпсіздігі – біздің компания үшін басты мәселелердің бірі. Биыл «Самұрық-Қазына» қорының тобына кіретін компаниялар арасында еңбек қауіпсіздігі жылы деп жарияланды. Жуырда Health&Safety форумында «Самұрық-Қазына» қорының тобына кіретін компаниялар Health&Safety аясындағы міндеттемелерді ерекше бақылауға алу бойынша мәміле жасасқан болатын. Енді осындай мәмілені біз өз компаниямыздың ішінде бекіттік. Қызметкерлердің қауіпсіздігі әрбір бөлім басшысының жауапкершілігі», – деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

 

«Қазақтелеком» компаниясы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлер үшін жаңа тәртіп енгізіп отыр. Егер жұмысшы еңбек жағдайы қауіпті деп есептеген жағдайда жұмыстан бас тартуға құқылы. Бұл бағытта тиісті құжаттар да бекітілген. Айта кету керек, компаниядағы жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың негізгі көзі – тіректердегі желілік желілерге қызмет көрсету кезінде биіктіктегі жұмыстар болып отыр. Алайда, соңғы жылдары жол көлік оқиғалары кезінде де оқыс оқиғалар орын алуда, бұл жазатайым жағдайларға компания түбегейлі жауап берді.

«Қазақтелеком» қауіпсіздік шараларын сақтаудың жауапкершілігін бөлім басшыларына жүктеп қана қоймай, бірте-бірте компанияда еңбек ететін жұмысшының әрбірін қауіпсіздік қорғаушысы етпек. Ол үшін арнайы желі құрылған, өз жұмысына бей-жай қарамайтын әр қызметкер осы желі арқылы хабарландыру қалдырып, оның шешілгенін талап ете алады. Осы жауапкершілігі үшін белсенді қызметкерлер бағалы сыйлықтармен марапатталып отырады. Жиын барысында осындай жауапты жұмысшылардың бір тобы компания басшысының қолынан марапатқа ие болды. «Қазақтелекомдағы» бұл тәжірибе тұрақты болады. «Самұрық-Қазына» қорының басқа компаниялары үшін үлгі бола алады.

 

Компанияның персонал жөніндегі басқарушы директоры Берік Битабаров қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесінде ешкім шет қалмауы тиіс деп атап өтті.

«Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамту бойынша біздің компания биыл және алдағы жылдарға арналған нақты міндеттерді анықтады. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігін қамтуда қатаң бақылау және мониторинг жасау, тоқсан сайын кемінде бір рет аудит жүргізу және төтенше жағдайдың алдын алу шараларын өткізу қолға алынады. Әрбір қызметкер мен әрбір басшы нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бағдарламасының маңыздылығын түсінуі қажет. Біздің әрбір қызметкеріміздің үйге аман-есен оралуы біз үшін өте маңызды. Тек көшбасшыны тарту арқылы біз бұған қол жеткізе аламыз. Басшы әрбір жиналысты техникалық қауіпсіздік мәселесінен бастауы тиіс», – дейді Берік Битабаров.

Мұнымен қоса ол биыл компанияда техника және өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша бірнеше іс-шара өткенін алға тартты.