Іс-шара аясында қатысушылар компанияларды цифрлық трансформациялаудың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы зерттеу қызметінің және нарыққа жаңа серпінді өнімдер мен қызметтерді шығарудың практикалық тәжірибесімен алмасып, инфо-коммуникациялық технологияларды дамытудың өзекті мәселелерін, компаниялардың табысты бизнес-модельдері мен даму стратегияларын, кадрлар даярлау мен персоналды дамыту мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар, конференцияда бұлтты шешімдерді енгізу және дамыту, Заттар интернеті, киберқауіпсіздік, мобильді, оптикалық және кванттық технологиялар, жасанды интеллект, үлкен деректерді басқару, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың жаһандық трендтерінің басқа да көптеген мәселелері бойынша пікірталастар жоспарланған.