К 30-летию Независимости Казахстана | 20 сәуір 10:42

"Қазақтелеком" инженері: Еңбектегі ең бастысы – қауіпсіздік

Зәуре Уақасова – «Қазақтелеком» АҚ-ның электромеханиктен 1 санатты инженерге дейінгі еңбек жолын жүріп өткен құрметті қызметкері.

Зәуре Ретпекқызы тұтыну қызметтері мәселелерін шешуге елеулі үлес қосты, ал 2007 жылы Алматы телефондарын 7 таңбалы нөмірге көшіруге атсалысты.

2010 жылы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің 1 санатты инженері болды. 2017 жылдан бері Зәуре Ретпекқызы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер.

Жоғары кәсіби шеберлігі, телекоммуникация саласындағы білімі мен тәжірибесі, қызметіне жауапты қарауы оған жұмысын тиянақты ұйымдастыруына септігін тигізіп жүр.

Зәуре Ретпекқызының басты қасиеттері – жұмысқа адалдығы, әр тапсырылған іске аса жауаптылықпен қарайтыны. Ол жинақтаған тәжірибесін әріптестерімен бөлісуге әрқашан дайын тұрады. «Алматытелеком» ӨТД бүкіл іс-шарасына да белсене қатысады.