«Қазақтелекомның» «Kasipker» тарифін жаңа клиенттер, яғни бұрын компания қызметтерін пайдаланбаған еліміздің кез келген түкпіріндегі жеке кәсіпкерлер қостыра алады.
Бірегей мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып жеке кәсіпкер Екатерина Дворецкая қолданды. Жақында ол жаңа кеңсе ашты және оған телекоммуникация қызметтерін қосу қажет болды.
«Тиімді бизнес үшін бүгінде жоғары жылдамдықты интернет қажет, ал шағын компаниялар үшін бұл қызметтің қолжетімді болуы маңызды. Айдың басында Интернетке қосылуға өтінім беріп, «Kasipker» акциясына қатысушы болдық. Құжаттарды ресімдеген кезде маған кәдесыйы бар сыйлық табыс етілді, бұл мен үшін жағымды тосын сый болды. Сондай-ақ,мен автоматты түрде жаңа IPhone ұтыс ойынына қатысқанымды айтты. Ұтысқа сенемін», – деді Екатерина.
Айта кетейік, «Kasipker» тарифтік желісі тіркелген және мобильді телефония қызметтерін, ұялы операторлардың нөмірлеріне қоңырауларды және Қазақстан бойынша лимитсіз қоңырауларды, интернетке кең жолақты қолжетімділікті, сондай-ақ Imou Kazakhtelecom бейнебақылау сервисін қамтитын 3 топтамадан тұрады, демек, әрбір кәсіпкер өзі үшін ең оңтайлы топтаманы таңдай алады. Бұдан басқа, жаңа клиенттерге барлық инсталляциялық жұмыстар мен қосылуларға 100% жеңілдік беріледі.
«Компанияның кеңейтілген инфрақұрылымының арқасында біз орта және шағын бизнеске клиенттер арасында сұранысқа ие жоғары жылдамдықты интернет пен қызметтерге тиімді шарттар мен төмен тарифтер ұсына алдық. «Kasipker» жаңа тарифтік топтамалары әрбір пайдаланушының талаптарына жауап беретін көптеген комбинацияларды қарастырады және Қазақстандағы ШОБ сегментіндегі тиімді ұсыныстардың бірі болып табылады. Біз үшін клиенттін сенімін ақтау — бұл жұмыс пен серіктестіктің негізгі басымдықтарының бірі. Компанияда еліміздің шағын және орта бизнесін қолдау мен дамытуға үлкен көңіл бөлінеді, сондай-ақ біз ынтымақтастыққа қашанда ашықпыз», – дейді «Қазақтелеком» АҚ КБД маркетинг және дамыту жөніндегі директоры Эмирхан Алиев.
«Kasipker» науқанының тарифтері мен шарттары туралы ақпаратты ismet.kz бизнес порталынан табуға болады, сондай-ақ, қызметтерді қосуға өтінім беруге және онлайн-режимде шарт жасасуға мүмкіндік бар.